«Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 279 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. БЖЗҚ цифрлық жүйелердің интеграциясы арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) нысаналы талаптарға қатысушылар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын туған кезде алғаны туралы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнін көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын туғанынан кейін қабылдағаны туралы;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны немесе шыққаны туралы;
4) қайтыс болған күнін не соттың қайтыс болды деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген күнін көрсетіп, қайтыс болғаны туралы;
5) ЖТ МДҚ-да қамтылған мәліметтердің жаңартылғаны туралы мәліметтерді алады.
БЖЗҚ ЖТ МДҚ-дан алынған мәліметтер негізінде БЖЗҚ цифрлық жүйесінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін өзі қалыптастырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жыл сайын:
1) есепті жылдан кейінгі бірінші айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей БЖЗҚ: